Металдар зертханасының бұзбайтын бақылау және металдар дефектоскопиясы бойынша қызметтері
«КазЭкспертПром» компаниясының металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасы Ұлттық аккредиттеу орталығы 2020 жылғы 1 қыркүйекте берген ГОСТ ISO/IEC 17025-2019 талаптарына сәйкестігі туралы №KZ.T.02.2362 аккредиттеу аттестаты және ҚР Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы 2020 жылғы 19 қарашада берген №63/20 куәлік негізінде металдар мен дәнекерленген қосылыстарды бақылау мен диагностикалауды жүзеге асырады және жоғары дәлдіктегі қызмет – жаңа буын жоғары технологиялық жабдықтың көмегімен барлық түрдегі қауіпті техникалық құрылғылардың металын мынадай әдістермен бұзбайтын бақылау көрсетеді:
- Визуалды-өлшеу бақылауы
- Ультрадыбыстық дефектоскопия (дәнекерленген жіктерді ультрадыбыстық бақылау), қалыңдық өлшеу, қаттылық өлшеу
- Радиографиялық бақылау (металды рентгендеу)
- Магниттік дефектоскопия (магнитті ұнтақ және магнитографиялық дефектоскопия әдістері)
- Енетін заттармен (түрлі түсті, вакуумдық, капиллярлық, ағып кетуді іздеу)
- Жылулық бақылау
- Акустикалық-эмиссиялық бақылау
- Құйынды токтық бақылау әдісі
- Металды спектрлік талдау
- Металды химиялық талдау
- Металды механикалық сынау (үзу, бүгу және т.б.)
Қауіпті өндірістік объектілерде пайдаланылатын және/немесе қолданылатын техникалық құрылғылар, механизмдер, құрылыстар, жабдықтар бұзбайтын бақылауға жатады. Қажет болған жағдайда бұзбайтын бақылау зертханасы бастапқыда бақылаудың осы түрін көздейтін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы өзге де жұмыстарды жүзеге асырады. «КазЭкспертПром» ЖШС өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың барлық нормалары мен ережелерін сақтайды.
«КазЭкспертПром» ЖШС-нің металдар мен дәнекерленген қосылыстарды заңды негізде бақылауды жүзеге асыратын өз бұзбайтын бақылау зертханасы, дәлірек айтқанда металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасы бар. Зертхананың мәртебесі ҚР Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы 2020 жылғы 19 қарашада берген №63/20 куәлікпен расталған, бұл зертхананың құзыреттілігін және оның қажетті заманауи өз жабдықтарымен жарақтандырылғанын растайды.
Дәнекерленген қосылыстарды, жіктер мен металдарды бақылау осы талаптар мен нұсқауларға сәйкес жүргізіледі. Ұйымның зертханасы техникалық міндеттерді сапалы орындау үшін қажетті жабдықтармен, аспаптармен, өлшеу құралдарымен жарақтандырылған. Барлық жабдық белгіленген тәртіппен тұрақты түрде салыстырып тексеруден өтеді. Компания штатында кәсіби теориялық білімі мен көпжылдық практикалық тәжірибесі бар жауапты әрі жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
Негізгі металл мен дәнекерленген қосылыстарды бұзбайтын бақылау бойынша дефектоскопия мынадай бақылау әдістерімен жүргізіледі:
Визуалды-өлшеу жұмыстары арқылы бақылау.
Ультрадыбыстық аспаптармен дефектоскопия.
Радиографиялық бақылау.
Қалыңдық өлшеу, металдың қаттылығын өлшеу.
Магнитті ұнтақ әдісі.
Енетін заттар арқылы (түрлі түсті, вакуумдық, капиллярлық, ағып кетуді іздеу).
Жылулық әсер ету арқылы бақылау (жылу бейнелегіш).
Құйынды токтық бақылау әдісі.
Металды спектрлік талдау.
Металды химиялық талдау.
Металды механикалық сынау (үзу, бүгу және т.б.).
Сондай-ақ қараңыз: