Біздің сертификаттар
Біздің компания – өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы тәуелсіз сараптама ұйымы. Алға қойылған міндеттерді орындау үшін біз металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу бойынша өз сынақ зертханамызды пайдаланамыз. Сондай-ақ өнеркәсіптік қауіпсіздік, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум, электр қауіпсіздігі және басқа да бағыттар бойынша мамандарды даярлайтын оқу орталығы бар.
Бұзбайтын бақылау сынақ зертханасының қызметін біз Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Ұлттық аккредиттеу орталығы берген өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аккредиттеу аттестаты негізінде жүзеге асырамыз. Сондай-ақ компанияның басқа да маңызды рұқсат беру құжаттары бар: өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында жұмыстар жүргізу құқығына Аттестаттар, иондаушы сәуле шығаратын аспаптармен және қондырғылармен жұмыс істеу құқығына Лицензия (радиографиялық бақылау), Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы берген металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасындағы өлшемдердің жай-күйін бағалау туралы Куәлік, ҚР СТ ISO 9001-2016 «Сапа менеджменті жүйелері» сәйкестік сертификаты, ҚР СТ OHSAS 18001-2008 «Кәсіптік қауіпсіздік және денсаулық менеджменті жүйелері» сәйкестік сертификаты.
Зертхана заманауи озық жоғары дәлдіктегі жабдықтармен жарақтандырылған, соның арқасында бұзбайтын бақылау саласында сынақтар жүргізу мүмкін болады. Кең материалдық және нормативтік база күрделі міндеттерді де орындауға мүмкіндік береді. Металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасы, атап айтқанда, қауіпті өнеркәсіптік өндірістік объектілерде өнеркәсіптік қауіпсіздік және бұйымдар сапасын бақылау саласында қызметтер көрсетеді.
Штатта сараптама, дефектоскопия және жалпы бұзбайтын бақылау саласында II және III аттестаттау деңгейіндегі кәсіпқойлар жұмыс істейді. Сынақ зертханасының персоналы мыналармен ерекшеленеді:
- оқу барысында алған тәжірибесі мен дағдыларының жоғары деңгейімен;
- жабдықпен жұмыс істеудегі білікті тәсілімен;
- әрбір Тапсырыс берушіге сауатты көзқарасымен және жеке тәсілімен;
- мемлекеттік, салалық стандарттар мен басқа да қолданыстағы нормативтерді мінсіз білуімен.
Біздің компания әрбір міндетке жеке тұрғыдан келеді, бұл өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында көрсетілетін қызметтердің жоғары деңгейі мен сапа кепілдігін растайды. Тапсырыс беруші өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, қауіпті жабдықтың жұмыс жай-күйі және т.б. бойынша толық әрі нақты нәтижелер алады.
Бізге жүгіну арқылы Сіз жағдайды тиісінше бағалап, кәсіпорныңыздың жұмыс барысында қолданыстағы стандарттар мен талаптарды бұзбайтынына көз жеткізе аласыз. Сондай-ақ біздің кәсіпқой қызметкерлеріміз Сізге техникалық құжаттаманы әзірлеуге, материалдық базаны ҚР аумағында қолданылатын нормативтерге сәйкес келтіруге көмектеседі.