Металдар сынақ зертханасының бұзатын бақылау бойынша қызметтері
«КазЭкспертПром» ЖШС-нің аккредиттелген сынақ зертханасы материалдардың негізгі физикалық-механикалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын анықтау мақсатында бұзатын бақылаумен байланысты бірқатар сынақтар мен зерттеулер жүргізеді. Олардың нәтижесі – бұйымдардың нақты пайдалану жағдайындағы мінез-құлқына, сондай-ақ іріктеме алынған бүкіл бақылау объектісінің жарамдылығына қатысты болжам.
Зерттеулерді аттестатталған мамандар жүзеге асырады, жұмыс барысында жыл сайын «НаЦЭкС» АҚ метрологиялық қызметінде салыстырып тексеруден және калибрлеуден өтетін сертификатталған жабдық қана пайдаланылады.
Үзу машинасы – объектілердің физикалық қасиеттерін осьтік созуға, жаншуға, сығуға, бүгуге, сындыруға және т.б. статикалық сынау және анықтау үшін қолданылатын сынақ жабдығы.
Маятникті копер – үлгілер мен олардың элементтерін соғу тұтқырлығына сынауға арналған зертханалық сынақ құрылғысы. Оның жұмыс принципі: сынақ барысында қозғалмайтын осьті айнала қозғалатын белгілі салмақтағы соққыш белгілі биіктіктен үлгіге құлайды, содан кейін арнайы шкалада тіркелетін маятниктік қозғалыс жасайды.
Механикалық сынақтар – объектілер мен олардың элементтерінің беріктік сипаттамаларын анықтау үшін қолданылатын бұзатын бақылаудың статикалық және динамикалық әдістері.
Металл бұйымдардың сипаттамаларын, бастапқы шикізаттың сапасын, сондай-ақ оларды өндіру процесіндегі дәнекерленген қосылыстарды, дәнекерлеу тәсілдері мен режимдерінің жарамдылығын анықтауда, дәнекерлеушілердің біліктілігін белгілеуде, негізгі және дәнекерлеу материалдарының және тікелей дәнекерленген жіктің беріктік сипаттамаларын анықтауда зертхана жүргізетін бұзатын бақылаудың сұранысқа ие түрлерінің бірі – мына тізбе бойынша механикалық сынақтар:
- Дәнекерленген қосылыстың әртүрлі учаскелерінің металын және балқытып қапталған металды статикалық созуға сынау (ГОСТ 6996-66)
- Дәнекерленген қосылыстың әртүрлі учаскелерінің металын және балқытып қапталған металды соққылы бүгуге сынау (кертілген үлгілерде) (ГОСТ 6996-66)
- Негізгі металды төмен, бөлме және жоғары температураларда соққылы бүгуге сынау (ГОСТ 9454-78), Шарпи бойынша соққыға сынау (ҚР СТ АСТМ A 370-2011)
- Негізгі металды статикалық созуға сынау (ГОСТ 1497-84)
- Құбырларды статикалық созуға сынау (ГОСТ 10006-80)
- Дәнекерленген қосылысты статикалық бүгуге сынау (ГОСТ 6996-66)
- Пластмассаларды статикалық созуға сынау (ГОСТ 11262-80)
- Құбырларды жаншуға сынау (ГОСТ 8695-75)
- Пластмасса құбырлардың дәнекерленген қосылыстарын статикалық созуға және бүгуге, сондай-ақ муфталық қосылыстарды жаншуға сынау.
«КазЭкспертПром» металды бақылау, диагностика және дәнекерлеу сынақ зертханасы қорытынды бойынша ресми сынақ хаттамаларын ұсынады.